Ерлан Сағадиев: Орыс мектебінде оқитын 500 мыңға жуық бала қазақ тілінде сөйлемейді

919

Ерлан Сағадиев: Орыс мектебінде оқитын 500 мыңға жуық бала қазақ тілінде сөйлемейді

Үкімет үйінде өткен брифингте Ерлан Сағадиев "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында жүзеге асып жатқан өзгерістер туралы әңгімеледі. Бүгінде мектептерде сабақ беретін 4 мың ұстаз ағылшын тілін үйренген. Шетел тілін тағы 8 мың мұғалім қыркүйек айында меңгермек. Бұл – үштілді оқыту жүйесіне көшудің алғашқы қадамы, деп хабарлайды 24.kz.

Айту керек, қазіргі таңда қазақстандық оқушылардың 90%-ы қазақ тілінде білім алады. Биылғы түлектердің 76%-ы ҰБТ-ны ана тілінде тапсырған.

"Баса назар аударатын мәселе – мына орыс мектептерінде оқитын 500 мыңға жуық бала қазақ тілінде сөйлемейді. 11 жыл оқыса да түсінеміз. Бірақ нашар. Әдістеме дұрыс емес. Жаңа әдістеме дайын. Биыл оны эксперимент ретінде мектептерге береміз. Жаңа әдістемеге мыңнан астам мектеп жазылған", - деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Ұлт жоспары аясында 12 жылдық білім беруге 2019 жылы толық көшу де қарастырылған.

"Қазақстандық оқушылар нөлінші сыныптан бастап оқытылатын болады. Осылайша балаларды бірінші сыныпқа дайындаймыз", – дейді Ерлан Сағадиев.

Өйткені бүгінде мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің 15%-ы әріп танымайды. Ал жаңа жүйе бұл олқылықты жояды деп сенеді министр.

"Оны толық іске асыру үшін 2019 жылға қойып отырмыз. Сол жылы бірінші сынып оқулықтары екіге бөлінеді. Біреуі әліппе болып 0 сыныпқа барады, ана тілі 1 сыныпқа қалады. Қазіргі уақытта барлық оқулықтар дайын. Эксперимент ретінде 150 мектеп оған қатысып, жаңа оқу жылынан бастап экспериментке кіреді", - деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу