Ерлан Саиров: Мәслихаттар жастардың құқығын таптап отыр

1150

Мәслихат депутаттарының 3 пайызы ғана жастар.

Ерлан Саиров: Мәслихаттар жастардың құқығын таптап отыр

Праймеризге ниет білдіргендердің 30 пайызын жастар құрайды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңына Nur Otan партиясының жақтастар лигасын бастап келген Ерлан Саиров осылай деп мәлімдеді.

"Қазақстанда 216 мәсхиат бар. Бүгінде осы мәслихаттардағы жастардың үлесі 3 пайыз ғана. Ал Қазақстан  халқының 26 пайызы жастар. Демек, жастардың құқығы тапталып жатыр. Праймеризм жастарға әлеуметтік лифт деп айтып жүргеніміз осы. Мәслихаттардағы жастардың үлесі елдегі жастардың үлесіне сәйкес болуы керек. Осыған қол жеткізетін боламыз. 3 күннің ішінде праймеризге қатысуға 3000 өтінім келіп түсті. Соның ішінде жастар үлесі 30 пайыз. Яғни, жастар праймеризге сеніп, келіп жатыр деген сөз. Ал біз праймеризге қатысатындардың 50 пайыздан астамы жастар болса деп отырмыз. Жастар прицнипшіл келеді, көзқарасын ашық айтуға бейім. Кез келген елдегі саяси реформалардың қозғалтқышы – жастар", –деді ол. 

Есжан Ботақара

Фото Ерлан Саировтың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу