Ерлан Сайыров Болат Назарбаевтың қанша жер телімі бар екенін айтты

767

"2 млн астам азаматтар 0,10 гектар жер ала алмай телміріп жүр".

Ерлан Сайыров Болат Назарбаевтың қанша жер телімі бар екенін айтты

Ерлан Сайыров "партиялық Кеңес аппаратында осы мәселемен терең айналысуға тапсырма бермек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Amanat партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерлан Сайыров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Біз өткендегі "ығай мен сығайлардың" жемқорлық, протекция істерінен де сабақ алуымыз керек. Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімі, объект алған. Сол кісінің фамилиясына берілген. Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады. Ал Цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2 млн астам азаматтар 0,10 гектар жер ала алмай телміріп жүр. Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда?", – дейді депутат.

Оның пікірінше, "осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады".

"Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады. Партиялық Кеңес аппаратында осы мәселемен терең айналысуға тапсырма беремін! "Жер-Аманат" комиссиясымен бірге істеу қажет", – деп қосты Сайыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу