Мароккода өтіп жатқан дзюдодан Гран-при бәсекесінде қазақстандық балуан Ерлан Серікжанов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Кіші финалда Серікжанов өзбекстандық Шахрам Ахадовпен белдесіп, жеңіске жетті. Бұл Ерланның жаңа маусымдағы алғашқы медалі екенін айта кеткен жөн.
Ерлан Серікжанов 66 келіде 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері екенін еске саламыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу