Ерлан Тұрғымбаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады

736

Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару кезінде 791 қызметкер қаза тауып, 2555 адам жарақат алды. 

Ерлан Тұрғымбаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін қазақстандық тәртіп сақшылары кәсіби мереке – Полиция күнін атап өтуде. 1992 жылғы 23 маусымда Жоғарғы кеңес "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады, ол мемлекетіміздің тарихында полицияның міндеттері мен функцияларын, оның құқықтары мен функцияларын анықтаған, полицияның практикалық қызметі үшін құқықтық алаңды қалыптастырған алғашқы акт болды. Ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаттары ретінде заң жариялылықты, заңдылықты және ең бастысы азаматтардың құқықтарын құрметтеу мен сақтауды бекітті.

Бүгінде ішкі істер министрлігі – елдегі ең көпфункционалды мемлекеттік органдардың бірі, онда 140 мыңға жуық қызметкер, құтқарушылар мен әскери қызметшілер еңбек етеді.

"Полиция қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ көшелердегі тәртіпті қамтамасыз ету. Ол үшін бізде барлығы: тәуелсіздік жылдары Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалыптастырған қуатты мемлекеттік жүйе, сондай-ақ біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жан-жақты қолдауы бар. Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру жақсарды. Қазіргі заманғы құралдар мен техниканы пайдалана отырып, полиция мобильді құрылымға айналды. Бұл қылмыспен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы біздің басты міндетіміз – құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі көзге анық көріне бастады",– деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әріптестері мен ардагерлерге арнаған өз құттықтауында.

Полиция қызметкерлері күн сайын өз өмірін ойланбастан қатерге тігіп, қиын жағдайға тап болған отандастарына көмекке келеді деп атап өтті ведомство басшысы.

"Өкінішке қарай, Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару кезінде 791 қызметкер қаза тауып, 2555 адам жарақат алды. Біз антына адал болып қалған әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз", – деп түйіндеді ол құттықтау сөзін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу