Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды

261

Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қамалғанын растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды Фото: kazpravda.kz

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 30 сәуірде бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

"ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ол қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу