Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұдан былай халықпен әлеуметтік желі арқылы байланыс орнатпақшы. Министрдің кеңесшісі Нұрділдә Ораз осындай ақпарат айтты.
"Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған тапсырмаларын орындау мақсатында бүгіннен бастап Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Facebook-тегі жеке аккаунты ашылатынын хабарлаймын. Ол халықпен диалог орнату алаңы болады деп көзделіп отыр. Бұл қадам полицияның ашық, қолжетімді болу процесіне өз үлесін қосады деген сенімдеміз", –деді ІІМ өкілі онлайн-брифингте.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу