Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен босатылды

1593

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.

Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі бойынша - заңгер, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған. Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімі ҚІ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.

1986 жыл мен 2002 жылдың аралығында Алатау және Калинин АІІБ-ның тергеу-жедел бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.

2002 жылдың ақпаны мен қыркүйегі аралығында - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы.

2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың сәуірі аралығында - Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы.

2003 жылдың сәуірі мен 2006 жылдың мамыры аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы.

2006 жылдың мамыры мен 2006 жылдың шілдесі аралығында - Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бастығы.

2006 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың желтоқсаны аралығында - Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2012 жылдың желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болған.

2019 жылдың 12 ақпанында ҚР Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, І дәрежелі "Қайсар" белгісімен, II дәрежелі "Даңқ" орденімен, сондай-ақ ІІМ-нің және ІІД-нің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу