Ерлан Тұрғымбаев полиция департаментінің басшысын жұмыстан шеттетті

2128

Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы Берік Біләловтың орынбасары жемқорлыққа барды деген күдікке ілінді.

Ерлан Тұрғымбаев полиция департаментінің басшысын жұмыстан шеттетті

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы Берік Біләловты қызметтік міндетін атқарудан шеттетті.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Біләловтің қызметтен босату туралы баянат беруіне орынбасары Асан Садуов пен полиция департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сәуле Жұмалинаның жемқорлыққа барды деген күдікке ілігуі себеп болды. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ІІМ басшысының бұйрығымен оның міндеті уақытша ІІМ криминалдық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзинге жүктелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу