Ерлан Тұрғымбаев: Полиция қызмет атқарудың ерекше тәртібіне көшті

961

Адамдардың қозғалысы мен көлік құралдарының кіруі мен шығуы шектеледі.   

 Ерлан Тұрғымбаев: Полиция қызмет атқарудың ерекше тәртібіне көшті

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев баспасөз мәслихатында қазіргі уақытта ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап көліктің кіруі мен шығуын және адамдардың қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар қойылғанын айтты.

"Енгізілетін шектеулер сіздің қауіпсіздігіңізді, жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажет. Карантиндік іс – шараларды өткізу кезінде денсаулық сақтау және полиция органдары қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауды сұраймын", – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу