Ерлер сұлулық салонына әйелдерден де көп ақша жұмсайтын болып шықты

339

Олардың арасында маникюр, педикюр секілді қызмет түрлері танымалдыққа ие. 

Ерлер сұлулық салонына әйелдерден де көп ақша жұмсайтын болып шықты Фото: pixabay

Түркияда шаштараз және жеке күтім қызметтеріне деген сұраныс әйелдерге қарағанда ер адамдар арасында жоғары. Бұл туралы Измирдегі шаштараздар қауымдастығының президенті Шюкрю Билгин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Türkiye Gazetesi басылымының жазуынша, ер адамдар өткен жылдарға қарағанда жеке күтім қызметтерін жиі қолдана бастаған.

Шюкрю Билгин қазір ерлер әйелдерге қарағанда шаштаразға жиі баратынын айтты. Сондай-ақ олар маникюр, педикюр, тері күтімі, тіпті қас түзету, кірпік күтімі сияқты қызметтерді алатын көрінеді. Сөзінше, кей жағдайларда ер адамдар сұлулық процедураларына әйелдерге қарағанда көп ақша жұмсайды.

"Қазір ер адамдар сұлулық салондарына әйелдерден де жиі барады. Соңғы жылдары әйелдерге арналған сұлулық қызметтері көбейді, олар бұрынғы әдеттеріне өзгеріс енгізген жоқ. Ал ер адамдар өздерінің сыртқы келбетіне көбірек көңіл бөле бастады", - деді Измирдегі шаштараздар қауымдастығының президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу