Ерлерді қорғайтын заң керек емес – Сенат төрағасы

475

Елімізде жалпы азаматтардың құқығын қорғайтын нормалар бар.

Ерлерді қорғайтын заң керек емес – Сенат төрағасы Фото: inbusiness.kz

Ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Меніңше, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Жалпы азаматтарымызды, әйелдерімізді, ер азаматтарымызды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі қылмыстық әрекеттерге байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сол себепті біз Сенатта қарап жатқан заңды қабылдағаннан кейін әрі қарай жағдайды қараймыз. Сондықтан керек болса, тиісті шешім қабылданатын болады", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық заң қабылданғаннан, қоғамдағы үлкен қозғалыстан кейін үлкен өзгерістер болатынына күмәні жоқ екенін жеткізді. 

"Жалпы бұл мәселенің барлығын Президентіміз өз бақылауында ұстап отыр, тиісті тапсырмалары бар. Заң да Президентіміздің тапсырмасымен қабылданғалы жатыр. Бұл бағыттарда оң өзгерістер болатынына толықтай сенемін,  - деді ол.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи отағасы туралы заң қабылдауды ұсынғанын жазған болатынбыз. Халық қалаулысы мұндай заң ер азаматтың рөлін көтеру үшін жасалу керек деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу