Ерлердің бос уақыты әйелдерге қарағанда 2 есе көп

1050

Ерлердің бос уақыты әйелдерге қарағанда 2 есе көп

2018 жылғы 2 сәуірден бастап 10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті кезеңділігі 5 жылда бір рет өткізілетін "Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы" біржолғы модульдік зерттеуін өткізді, деп хабарлайды stat.gov.kz.

Зерттеуге 10 және одан жоғары жастағы 32 301 респондент қатысты.

Зерттеу қорындылары бойынша қазақстандықтардың 53,6% орташа тәуліктік уақыты немесе 12 сағат 50 минуты жеке күтімге (9 сағат 13 минут - ұйқыға, 2 сағат 4 минут – ас және сусынға, 1 сағат 27 минут - жеке гигиена және өзін-өзі күтуге және т.б.), 2 сағат 59 минут (12,4%) – жұмысқа (жұмыспен қамтуға), 2 сағат 57 минут (12,3%) - үй шаруашылығын жүргізуге, 52 минут (3,5%) – оқуға, 18 минут (1,2%) – меншікті пайдалану үшін тауарларды өндіруге, ал қалған 4 сағат 4 минут (17,0%) - бос уақытқа келеді.   

15 және одан жоғары жастағы ер адамдар бір күнде орта есеппен жұмысқа 5 сағат 29 минут уақытын жұмсайды, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 34 минутты құрайды, алайда әйелдер (4 сағат 14 минут) үй шаруашылығын жүргізуге ер адамдарға (1 сағат 28 минут) қарағанда көп уақыт жұмсайды. Ерлерде (4 сағат 6 минут) бос уақыт әйелдерге (2 сағат 45 минут) қарағанда шамамен 2 есеге артық.   

Жұмыс күні жұмыспен қамтылған ерлер жұмысқа орта есеппен 9 сағат 1 минут жұмсайды, әйелдер – 7 сағат 53 минут, бос уақытқа тиісінше 2 сағат 35 минут және 1 сағат 44 минут қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу