Ерлерге қарағанда әйелдердің шашын қию қымбатырақ

1088

Шаштараздардың қызмет көрсету бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға жоғарылаған.

Ерлерге қарағанда әйелдердің шашын қию қымбатырақ

Шаштараздар ерлерге қарағанда әйелдердің шашын 1,5 есе қымбат қияды, деп хабарлайды Finprom.kz.

4 мамырда республиканың барлық аумағында шаштараздар ашылды. Енді қазақстандықтар кезек тудырмау үшін шаштаразға алды ала жазылып алып, содан кейін ғана бара алады. Алайда сұлулық салондары әлі ашылған жоқ. Себебі шаш қиюдан басқа қызмет түрлері ұзақ уақыт алып, індет жұқтыру қаупін күшейтуі мүмкін.

Республика бойынша әйел адамның шашын қию орта есеппен 1,9 мың теңге тұрады. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 0,4%-ға, өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 4,8%-ға жоғары.

Аталған қызмет түрі ең қымбат өңір – Алматы (4,7 мың теңге) мен Нұр-Сұлтан (4 мың теңге) қалалары.

Ал ерлердің шашын қию республика бойынша орта есеппен 1,3 мың теңге тұрады. Баға бір айда 0,5%-ға, бір жылда 6,6%-ға жоғарылаған.

Ер азаматтар үшін ең қымбат қалалар – Алматы (2, 8 мың теңге) мен Нұр-Сұлтан (2,1 мың теңге).

Жалпы шаштараздар қызметі бір айда 0,2%-ға, бір жылда 5,2%-ға қымбаттаған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу