Ерлі-зайыпты Храпуновтардың келтірген шығыны 86 миллиард теңгеге жуық

685

Ерлі-зайыпты Храпуновтардың келтірген шығыны 86 миллиард теңгеге жуық

Виктор және Лейла Храпуновтар, Айяр Ілиясов және тағы тоғыз адамға қатысты іс биыл 17 шілдеде соттың қарауына қабылданды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Алматының бұрынғы басшысы, әйелі мен сыбайластары ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша айыпталады. Тағылған айыптар – мемлекет мүлкін қымқыру, билігін асыра пайдалану, алаяқтық және пара алу, қылмыстық жолмен тапқан мүлкін заңдастыру және тағы басқалары. Келтірілген шығын сомасы шамамен 86 миллиард теңге.

Қазақстандағы танымал ерлі-зайыптылар көп ұзамай жазаға тартылатынын сезіп, бірнеше жыл бұрын елден кетіп, қайтып оралмаған еді. Храпуновтар бірнеше рет БАҚ арқылы Қазақстанға тергеуге шақырылды, бірақ қашқын жұп оны елеген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу