Ерлі-зайыпты ұрлық жасаумен айналысқан

466

Ұрлық видеокамераға түсіп қалды.

Ерлі-зайыпты ұрлық жасаумен айналысқан Фото: Polisia.kz

Алматы полицейлері ұрлық жасаумен айналысқан ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды  Inbusiness.kz сайты.

Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде 50 және 52 жастағы ерлі-зайыпты азаматтар екі рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны анықталды.

"Бірінші жағдайда олар Ақсай-2 шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткен. Жақында тағы да біреудің мүлкін ұрлау дерегі тіркелді. Бұл жолы ерлі-зайыпты бөтен біреудің Macbook-ін ұрлап кетті. Оның үстіне екі ұрлық та бейнекамераға түсіп қалған. Ұсталғандар – Алматы облысының тұрғындары, олар өз кінәларын толық мойындады. Ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу