Ерлігі аңызға айналған "Қара майор" өмірден озды

2291

Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаев 71 жасында бақиға аттанды.

Ерлігі аңызға айналған "Қара майор" өмірден озды

Бүгін Ауған соғысының ардагері, жауынгерлер арасында "Қара майор" атанған Қарулы Күштердің отставкадағы полковнигі Борис Керімбаев 71 жасында дүниеден озды.

Аңыз адам 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Ленин атындағы Ташкент әскери училищесін тәмамдаған. 1980-1983 жылдары Ауған соғысына қатысып, арнайы тапсырмаларды орындайтын мұсылман батальонының командирі болды. Батыр командирдің сауатты басқаруының арқасында сарбаздар шығыны аз болды, көбіне жеңіске жетіп отырған.

Пандшер шатқалында моджахедтердің атақты қолбасшысы Ахмад Шах Масудтың әскерімен соғысқан. Оның ерлігі аңызға айналып "Қара майор" деген лақап аты күллі аймаққа жайылған.

1992 жылы денсаулығына байланысты полковник шенімен отставкаға шықты. Батыр туралы "Қара майор" фильмі түсірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу