Ерлігі мен бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады – Тоқаев

482

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Желтоқсан оқиғасы құрбандарының ерлігі халықтың жадында мәңгі сақталатынын айтып, Twitter-дегі парақшасына жазба қалдырды.

Ерлігі мен бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады – Тоқаев

 

"Төл тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды. Сол ызғарлы түндерде халқымыз қайсар рухы мен азаттыққа деген ұмтылысын паш еткен еді. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен құрбан болған боздақтардың бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу