Ерлікпен қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды

935

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Таразда бейбіт тұрғындарды құтқару жолында өз өмірлерін құрбан еткен ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненкоға арналған ескерткіш-монумент ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлікпен қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды

Еске сала кетейік, 2011 жылы Тараздағы террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненко да бар болатын. Олар діни экстремистермен байланысы бар деген күдікке ілінген қылмыскерге сыртқы бақылау жүргізді. Террорист ізінен түскен жедел-іздестіру басқармасы қызметкерлеріне шабуыл жасап, ажал құштырған еді.

Батырлардың есімдері енді ҰҚКД ғимаратының жанындағы скверде орналасқан ескерткіш-монументте мәңгі сақталмақ.

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚКД бастығы Марат Ирменов, полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және қаза тапқан қызметкерлердің жақын туыстары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу