Ермегияевқа абақтыда жағдай жасап берген басшылар жаппай қызметтен қуылды

731

Ермегияевқа абақтыда жағдай жасап берген басшылар жаппай қызметтен қуылды

Жазасын өтеп жатқан "Экспо-2017" Ұлттық компаниясының экс-төрағасына жұмсақтықпен қараған колония басшылары жұмыстан қуылды, деп хабарлайды КТК.

ЕЦ 166/10 түзету мекемесінің лауазымды қызметкерлері Талғат Ермегияевпен ауыз жаласып, оған абақты ішінде қолайлы жағдай жасап келгені әшкереленіп отыр.

"Ермегияевке қамқорлық көрсету фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Орын алған тәртіп бұзушылық үшін 16 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бір адам теріс уәждері бойынша жұмыстан шығарылса, 12-сі лауазымды орындарынан алынды. Қылмыстық атқару жүйесінің төрағасы мен оның орынбасарына өз қызметтеріне тиісті дәрежеде сай келмегені туралы ескерту жасалды", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев. 

Бірақ, қызметінен айырылған түрме басшылары Ермегияевқа қандай қолайлы жағдай жасағаны құпия қалып отыр. Енді осы былықтан соң, бұрынғы лауазымды қызметкерлер отырған түрмелерде қызметтік тексеріс басталуы ықтимал. Талғат Ермегияевтың өзі былтыр маусым айында 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Лауазымды топ-менеджер "Экспо" халықаралық көрмесіне бюджеттен бөлінген миллиардтарды жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу