Ермек Көшербаев ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

82

Министр ТМД шеңберінде түрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымын белгілеп бірқатар ұсыныстар айтты.  

Ермек Көшербаев ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында сыртқы саяси ведомстволар басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, достастыққа қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының жай-күйі мен келешегін талқылады.

Халықаралық және сауда-экономикалық кооперацияны дамыту, цифрлық және көлік-транзиттік салалардағы өзара байланыстыжандандыру және басқа да бірқатар әлеуетті бағыттарға ерекше назар аударылды.

Кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті, тараптар ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытуға және ұйымның кең әлеуетін одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

2026 жылы ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы Калининград қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу