Ермек Маржықпаев - туризм және спорт министрі

402

Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ермек Маржықпаев - туризм және спорт министрі Фото: primeminister.kz

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

1969 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын, "Тұран" университетiн және Көкшетау университетiн бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы дене шынықтыру мұғалiмi болып бастаған.

1992-1993 жылдары - Ақмола облысы Бурабай кентiнің орта мектебінде мұғалім.

1993-1994 жылдары - "Шонай" ШЖК директоры.

1994-2008 жылдары - "Береке-Бурабай" ЖШС директоры.

2008-2012 жылдары - Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi.

2012-2013 жылдары - Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

2013-2014 жылдары - Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2015-2019 жылдары - Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

2019 жылғы наурыздан - Ақмола облысының әкiмi.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу