Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген.
Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, "Тұран" университетін, Көкшетау университетін бітірген.
Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.
2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.
2023-2024 жылдары — ҚР Туризм және спорт министрі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу