Тұрғындармен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев "Ерменсай" шағын ауданындағы электр жарығы және сумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
"Табиғи монополияларды реттеу департаменті жүргізген тексерулердің нәтижесінде осы кәсіпорынның қызметінде бұзушылықтарды анықтады. Сонымен қоса ауданның полиция басқармасы осы жылдың 20 маусымында кәсіпорынның тарапынан заңсыз әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Әкімдік жүргізген келіссөздерден кейін 26 маусымнан бастап 5,2 км электрмен жабдықтаудың әуе желілерін қаланың балансына беру жұмыстары жүріп жатыр. Оны 2023 жылдың тамызында аяқтау жоспарланған", - деді Досаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу