Ерменсайда заманауи су жинағыш салынады

174

Құрылыс толық аяқталса Бостандық ауданының оңтүстік бөлігіне су үздіксіз жеткізіледі. Қалалық инфрақұрылымның тұрақты дамуына серпін береді.

Ерменсайда заманауи су жинағыш салынады Фото: t.me/almaty_akimat

Бұған дейін бұл аудан "Алматы Су" мемлекеттік кәсіпорнының қызмет көрсету аумағына кірмеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Не жоспарланып отыр?

  • Өндірістік қуаты – тәулігіне 9 000 м³ су;
  • Ерменсай мен Нұрлытау шағын аудандарының 25 000-нан астам тұрғыны сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі:
  • Су тапшылығы мәселесі 2026 жылдың соңына дейін толық шешіледі.

Осы уақытқа дейін халықты жеке компаниялар сумен қамтамасыз етіп келген, алайда тұрғындар тарифтің жоғары болуына және қызмет сапасының төмендігіне ұзақ жыл шағымданып жүрген.

Қазіргі таңда әкімдік сот процестері әлі де жалғасып жатқанына қарамастан, жағдайды жақсарту шараларын қолға алып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу