Ермұхамет Ертісбаев: біз сайлауда бірінші болатынымызға сенімдіміз

607

Әлеуметтік сауалнамада 5 пайыз дауыс жинай алмаған Қазақстан Халық партиясының өкілдері Парламентке өтетіндеріне сенімді. Тіпті "35 мандат иеленеміз" - деген үміттерін ашық айтты.

Ермұхамет Ертісбаев: біз сайлауда бірінші болатынымызға сенімдіміз Фото: SN.kz

Бүгін өзге саяси ұйымдардың ішінді бірінші болып съезд өткізген бұрынғы коммунистер сайлауға түсетін кандидаттарының тізімін бекітті. Тізімді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың бастап тұр. Ал жуырда ғана бірнеше белді мүшесі төрағаның жұмысын сынап, партия құрамынан шығып кеткен. Ертісбаев пен орынбасарлары бүгін бұған қатысты өз шындығын айтты.

"Біз сайлауда да басым түсіп, бірінші болатынымызға сенімдіміз", деді Ермұхамет Ертісбаев.

Бірінші боламыз дейді. Орынбасары да көп дауыс жинайтындарына сенімді. Тек сайлаудың әділдігіне күмәнданатын сияқты.

Партия өкілдерінің ойынша осы орынның өзі халықтың арызын билікке жеткізуге жетеді. Сол үшін күресу керек,- дейді.

"Күрес дегеніміз - диалектиканың бірінші заңы. Тек саяи күреспен ғана бірлікке қол жеткізе аламыз. Сондықтан мен осы мақалды сәл өзгертіп "Күрес арқылы бірлік болады, бірлік болса тірлік болады" деп айтар едім", дейді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.  

Артынша сайлауға қатысу немесе қатыспау мәселесі дауысқа қойылды.

"Партиядан шықты" деп мысқылдап тұрғаны  саяси ұйымды құрушылардың бірі болған Жамбыл Ахметбеков пен соңғы шақырылымда аса белсенділік танытқан Ғазиз Құлахметовтер болса керек. Олар партияның жаңа басшылығын сынап кетті. Басшылық мұны "сайлауға ұсынылатын кандидаттар тізіміне кірмеген соң" деп түсіндіріп отыр.

"Ашығын айтсам, олар депутат болып тұрған кезде партия керек болды. Өйткені партияның көмегі керек болды. Депутаттыққа өтердің алдында ғана кіріп, депутаттыққа барды. Енді қазір парламен тарап кетті. Олар өздерінің ары қарай бара алмайтынын білгендіктен тағы да партия керек болмай қалды", дейді Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Серікқали Мұқашев. 

"Бұл енді партия үшін ұпай әкелмейтіні түсінікті. Және де партияның ақпараттық желідегі жұмыстарының олқылығы  "Ақ жол" партиясы секілді ресми мәлімдеме жасап немесе қандай да бір ресми әрекет жасауға тырысқан жоқ", дейді саясаттанушы Қазбек Майгелдинов.

Ресми мәлімдеме жасамақ түгілі, сайлауға түсетін 52 кандитаттың тізімін бастаған Ермұхамет Ертісбаев жиыннан соң түсініктеме де бермеді.

Бақытнұр Әлібай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу