Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

1741

Қазақстан Халық партиясының төрағасы қызметіне Ермұхамет Ертісбаев сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

ҚХП баспасөз қызметінің мәліметінше, кезектен тыс съезд барысында партия төрағасы қызметіне Ермұхамет Ертісбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Нәтижесінде оның кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

Ал партияның бұрынғы басшысы, мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болды.

"Бұл процесте саяси партияларға маңызды рөл беріледі. Біздің партияның әділ демократиялық мемлекет құру туралы идеясы жан-жақты дамытуды талап етеді. Партияның трансформациясы жалғасып жатыр. Бұл үдеріс үздіксіз болуға тиіс. Партия басшылығы мен партия құрылымының құрамын тәжірибелі адамдармен толықтыру, мемлекеттік қызметте, өкілді органдарда, азаматтық секторда белсенді болу өзекті мәселе", – деді кезектен тыс съезд барысында Айқын Қоңыров. 

Айта кетейік, Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясы қатарына биыл 18 наурызда қосылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу