Мемлекет басшысының жарлығымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылып, еліміздің Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.