Бұған "Демоскоп" орталығы Қазақстанның 14 өңірінде 18 жастан асқан 1100 респонденттің қатысуымен жүргізген сауалнама нәтижелері дәлел, деп жазады inbusiness.kz.
Сауалнаманың басты сұрағы: "Сізге қай көшбасшы ұнайды?".
Отандық саясаткерлер арасында танымалдылық жағынан Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастап тұр.
Шет мемлекеттің ең танымал көшбасшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған екені анықталды, ол респонденттердің 55,6 пайыз дауысын жинады. Ал Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский үштікті жапты.
"Қазақстан өз дамуында қай елге бағдарлануы тиіс?" деген сұраққа респонденттердің 52 пайызы өз бағытын ұстану керектігін айтты.
Ал респонденттердің 7,8 пайызы даму мәселесінде Түркияға қарай бағытталу керек деген ұстанымын жеткізді. Одан кейін Жапония - 6 пайыз, Таяу Шығыс елдері - 5,9 пайыз бен Ресей - 5,8 пайыз.