Ерсайын Нағаспаев: 2035 жылға дейін 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылады

157

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай-химия саласын дамыту мәселесі қаралды.  

Ерсайын Нағаспаев: 2035 жылға дейін 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылады Фото: shutterstock.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев химия саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылуда. Олардың негізгілері мұнай және металлургия салаларында пайдаланылатын химиялық өнімдер түрлерін шығаруға бағытталған. Мысалы, елімізде өндірілетін каустикалық сода толығымен отандық металлургия өнеркәсібінде пайдаланылады", - деді министр Ерсайын Нағаспаев.

Оның айтуынша, елдің бай шикізат әлеуеті фосфориттер, калий тұздары, бариттер, күкірт, мұнай, газ және т.б химия саласында жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді. 2035 жылға дейін салаға 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту күтілетінін айтты.

Сонымен қатар, министрдің сөзінше көмір-химиясын дамытудың жол картасы әзірленіп, оның шеңберінде отандық ірі көмір өндіруші кәсіпорындар мен ғылыми институттар көмірді терең өңдеудің озық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу