Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды

470

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды Фото: sknews.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ерсайын Нағаспаев жоғары білімді, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте,  Еңбек жолын Теміртау қаласы әкімінің аппаратында бастады. ҚР Сыртқы істер, көлік және коммуникация министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Вице-премьердің кеңесшісі болды. "Ақтау халықаралық порты" РМК-да жұмыс істеді, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу