Ерсұлтан Мұзафаров Конго балуанын қапы қалдырды

933

Ерсұлтан Мұзафаров Конго балуанын қапы қалдырды

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 82 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаров екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол екінші белдесуінде Конго балуанын қапы қалдырып, үшінші кезеңге жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, Ерсұлтан Мұзафаров бірінші айналымда Монғолиядан келген Даваабата Тсогбаатара есімді балуанды жарыс жолынан тайдырған болатын.

Елодада өтіп жатқан әлем біріншілігінде 55 келі салмақта ел намысын Марат Нығматуллаев қорғайтын болса, 60 келі салмақта Қуаныш Ысқақов белдеседі. 66 келі салмақта Қасымхан Төленбай боз кілемге шықса, 74 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахманов белдеседі. 82 келі салмақта Ерсұлтан Мұзафаровқа үміт артсақ, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев күрес алаңына шығатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу