"Ерте ме, кеш пе осы мамандықты таңдар едім": Трассада адамдардың өмірін құтқарып жүрген ағайынды

708

Қазір Бағдат он жылдан аса осы пунктте фельдшер қызметін атқарып келеді.

"Ерте ме, кеш пе осы мамандықты таңдар едім": Трассада адамдардың өмірін құтқарып жүрген ағайынды Фото: ТЖМ

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының "Жосалы" трассалық медициналық-құтқару пунктінде ағайынды   Бағдат пен Азамат Байтұрғановтар жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар бұл қызметке әртүрлі жолмен келді. Бағдат анасының жолын жалғастырып Қызылорда көпсалалы медициналық колледжіне түсіп фельдшер мамандығын бітірді. Содан кейін бала кезгі арманы адамдардың өміріне араша түсіп көмек беру мақсатында Апаттар медицинасы орталығының "Жосалы" трассалық медициналық-құтқару пунктіне жұмысқа тұрды. Қазір Бағдат он жылдан аса осы пунктте фельдшер қызметін атқарып келеді.

Ал Азамат болса Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі мамандығын таңдаған болатын. Бірақ Азамат, ағасының жол көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдарды құтқарып  медициналық көмек көрсетіп жүргенін көріп құтқарушы болуды шешті.

Міне содан бері 2 жылдан астам уақыт ағасымен бірге "Жосалы" трассалық медициналық-құтқару пунктінде құтқарушы-санитар қызметін атқарып келеді.

Жоғары лауазымдардағы жұмыс туралы жас жігіт әлі ойлағысыда келмейді. Ол адам өмірін құтқарып қалуға өз үлесін қосу үшін ТЖМ жұмыс істеуді ұнатады.

"Егер ағам ТЖМ қызмет етпесе де, мен ерте ме, кеш пе осы мамандықты таңдар едім", - дейді Азамат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу