Ерте пісетін көкөністердің егіс алқаптары ұлғайтылады

АӨК өнімін өндіру көлемін ұлғайту үшін жылына 57,6 мың мал басы қуаттылығы 373 мың тонна сүт өндіретін 65 тауарлық-сүт фермасын іске қосу жоспарлануда. 

Ерте пісетін көкөністердің егіс алқаптары ұлғайтылады Фото: Eldala.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

"Биылғы жылы жұмыстар жүргізілді, мәселен жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша егіс алқаптарының құрылымы қалыптастырылды, онда ерте пісетін картоптың ауданы 10,6 мың гектарға дейін, қырыққабат 8,3 мың гектарға дейін, сәбіз 2,2 мың гектарға дейін, пияз 3,3 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Осыған орай, аталған шара Ұлттық экономика министрлігімен пысықталады", – деді министр. 

Картоп егіс алаңдары 9,6-дан 10,6 мың га дейін, қырыққабат 6,8-ден 8,3 мың га, сәбіз 2,1-ден 2,2 мың га, пияз 3,2-ден 3,3 мың га дейін ұлғайтылды.

"800 мың тонна көлемінде астықты форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қаржы экономикалық негіздеме және Мемлекеттік инвестициялық ұсыныс әзірленді, сондай-ақ қаржыландырудың бұл түрі Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың тұжырымдамасына енгізілді", – деді ведомство басшысы. 

Тұжырымдама жобасы ҚР Президент Әкімшілігіне келісуге жолданды.

АӨК өнімін өндіру көлемін ұлғайту үшін жылына 57,6 мың мал басы қуаттылығы 373 мың тонна сүт өндіретін                         65 тауарлық-сүт фермасын іске қосу (оның ішінде қуаты жылына 87,3 мың тонна 24 ТСФ), тәулігіне 1000 тонна майлы тұқымдарды қайта өңдеу қуаттылығымен май экстракциялау зауытын және көкөніс өсіру бойынша қуаттылығы 6,4 мың тонна жылыжай кешенін салу (қызанақ), құс етін өндіру бойынша 10 жоба және ет қайта өңдеу бойынша 8 жобаны енгізу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу