Ақ халаттылар облыс орталығының жас тұрғынынан қалқанша безінің обырын анықтады. 2021 жылдың шілдесінде қала тұрғынынан Өскемен қаласының амбулаториялық орталығының тексеру кабинетінде қалқанша безінің обыры анықталды, содан кейін ол "жасыл жол" шеңберінде қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуіне жіберілген. Бұл пациенттің тарихын амбулаториялық орталықтың онколог дәрігері Павел Климов қарап, пациентте түйіндік зоб анықталған. Артынша онкологқа консультацияға жіберіледі.
"Алғашқы қарап-тексеру кезінде онколог диаметрі екі сантиметрге дейін қалқанша безінің оң жақ бөлігінің ісігін тапты, эндокринологтың консультациясы жүргізілді, гормондар қалыпты", - дейді дәрігер Павел Климов.