Ертең "ЭксимБанк" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату бойынша сот тыңдалымы өтеді

520

Ертең "ЭксимБанк" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату бойынша сот тыңдалымы өтеді

2018 жылғы 28 қараша Ұлттық банктің "ЭксимБанк" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шағым-талабы бойынша сот тыңдалымы өтеді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк 2018 жылғы 25 қыркүйекте Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "ЭксимБанк" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шағым-талап берген болатын.

Таратылатын банктердің барлық салымшылары ҚДКҚ қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемақы алуға құқылы.

Салымшыда бір банкте теңгеде, сол сияқты шетел валютасында бір мезгілде орналастырылған 2 және одан да көп депозит болған кезде 15 млн теңгеге дейін кепілдікті өтемақы төленеді. Кез келген жағдайда салымшының тек шетел валютасындағы депозиттері бойынша өтемақы 5 млн теңгеден аспайды. Төленбеген кепілдікті өтемақы қалдығын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап тағайындалатын банктің тарату комиссиясы төлейтін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу