Ертең "Союз МС-09" кемесі Жерге оралады

844

"Союз МС-09" кемесін қондыруды қамтамасыз ету үшін және ғарышкерлерді қарсы алу үшін ОӘО іздеу-құтқару тобы ұшып кетті.

Ертең "Союз МС-09" кемесі Жерге оралады

Ертең, 2018 жылдың 20 желтоқсанында құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, еуропалық астронавт Александер Герст пен америкалық астронавт Серена Ауньон-Ченселлор бар ХҒС экспедициясы Жерге оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салайық, бұл экипаж халықаралық ғарыш стансасында 2018 жылдың 6 маусымынан бері жұмыс істеп жатыр және 3 желтоқсанда экспедицияны аяқтауға тиіс еді. Бірақ, "Союз МС-10" ғарыш кемесін ұшыру кезіндегі апат салдарынан оның қайту мерзімі кейінге шегерілген болатын.

РФ орталық әскери округы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "Союз МС-09" кемесін қондыруды қамтамасыз ету үшін және ғарышкерлерді қарсы алу үшін ОӘО іздеу-құтқару тобы ұшып кетті.

"Союз МС-09" кемесін қондыруды қамтамасыз етуге МИ-8 он тікұшағы, Ан-12 екі ұшағы және Ан-26 бір ұшағы, 22 автомобильдік және арнайы техника, жеке құрамның 200 адамы тартылды", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу