Ертең 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталады

361

Балабақшаға қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады. 

Ертең 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталады

Шілденің соңына дейін кезек бойынша балабақшаларға жолдамалар беріліп, жаңа топтар жасақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қоғамдық саясат институтының деректеріне сәйкес, респонденттердің 30,3% балабақша мен мектеп тапшылығы жергілікті билік бірінші кезекте шешуі тиіс ТОП-3 мәселеге жатады деп есептейді.

Зерттеу нәтижелері бұл мәселенің Шымкент қаласы (53,5%), Алматы қаласы (38,6%), Астана қаласы (26,6%), Абай облысы (40%), Ақтөбе облысы (36,8%) тұрғандары үшін өзекті екенін көрсетті.

Сауалнама балабақша мен мектеп тапшылығы әсіресе үш не одан да көп балалы отбасыларға үлкен мәселе болып отырғанын дәлелдейді (33,6%).

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2023 жылы республика бойынша барлығы 11 175 балабақша, 7723 мектеп бар. Мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған барлық бала саны – 1 млн-нан асады, мектепке барып жүрген оқушылар саны – 3,5 млн.

2023 жылы балабақша кезегінде тұрған бала саны 250 мыңнан асса, мектептегі оқушы орындарының тапшылығы 270 мыңды құрайды.

Өңірлер бойынша аталған мәселелер демографиялық өсімі қарқынды Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Түркістан облыстарында орын алып отыр.

  • Алматы қаласы - 39 065 орын
  • Шымкент қаласы - 27 931 орын
  • Астана қаласы - 20 973 орын
  • Түркістан облысы - 42 842 орын
  • Алматы облысы - 22 864 орын

Пандемия кезеңінде 2020-2021 жылы республикада бала туу көрсеткіші жоғары болғанын ескерсек, алдағы уақытта балабақша мен мектептердегі орынға сұраныстың артатыны белгілі.

Зерттеу 2023 жылдың шілде айында жүргізілді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 2000 қазақстандық қатысты. Сауалнама ұлттық репрезентативті іріктеу негізінде жүргізілді. Іріктеу қателігі ±2,2% аспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу