Ертең Алматы әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездеседі

605

Кездесу уақыты: сағат 9:00  

Ертең Алматы әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездеседі Фото: gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2023 жылдың 26 қаңтарында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуі Ақсай-4 шағынауданы, 107 мекенжайындағы №132 гимназияда өтеді.

Кездесуді онлайн режимде "Алматы" телеарнасы және Әуезов әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу