Алматы халықаралық әуежайының Корпоративтік коммуникациялар департаменті жаңа терминал ертең іске қосылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- Жаңа халықаралық терминалды іске қосудың бастапқы мерзімі 2024 жылы жаздың соңына жоспарланған болатын. Бірақ жолаушылар ағыны тез өсуіне байланысты және жолаушыларға барынша жайлы болуы үшін барлық жұмыстар жеделдетілді. Жаңа терминал алғашқы рейстерді 1 маусым күні қабылдайды, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департамент мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы 4 айында әуежай 3,3 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу