Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, салтанатты рәсімге байланысты саябақ аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Қонаев – Жібек жолы – Қазыбек би – Бәрібаев көшелері аумағында көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады.
Сондай-ақ осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін толықтай жабылады.
"Осы кезеңде көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұраймыз", - деп ескертеді басқармадан.
Одан бөлек іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан келесі бағыттар бойынша біржақты тегін тасымалдау ұйымдастырылады:
- Достық даңғылы (Төле би және Қазыбек би көшелерінің арасы) – Абай алаңы – Орталық стадион;
- Қалдаяқов көшесі (Гоголь көшесінің оңтүстігінде) – Халық Арена;
- Гоголь көшесі (Қонаев көшесінің бұрышы) – Райымбек батыр даңғылы / Абылай хан көшесі;
- Қонаев көшесі (Гоголь мен Қазыбек би көшелерінің арасы) – "Сәлем" базары;
- Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен батысқа қарай) – Алматы Арена.