Ертең Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

642

Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады.

Ертең Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді Фото: egemen.kz

Осы бейсенбі  сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz  Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жұмыстары жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, жыл басынан бері 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілген.

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау.

"Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, "ДАРМЕН" мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі", - деп Алматы қ. ТЖ департаментінде ескертілді .

Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ ТЖ жағдайына дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады.

Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылады.

Барлық білім беру, денсаулық сақтау нысандары және қалада адамдар жаппай болатын (ОСС, сауда орталығы, СҮ) эвакуациялау үшін оқу элементтері әзірленеді, онда ТЖД қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді және жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам" жадынамалар таратыпады.

Сондай-ақ ол қауіпсіз орындар электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық жерлер болып саналады .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу