AParking компаниясы хабарлағандай, 22 шілдеден бастап:
- Панфилов көшесінің Мақатаев пен Райымбек аралығындағы бөлігінде – 127 орын тұрақ;
- Уәлиханов көшесінің Сәтбаев пен Абай аралығындағы бөлігінде – 73 орын тұрақ;
- Наурызбай батыр көшесінің Мақатаев пен Мәметова аралығындағы бөлігінде 43 орын тұрақ іске қосылады.
AParking мамандарының айтуынша, Панфилов, Уәлиханов және Наурызбай батыр көшелері қала ортасында – экономикалық аудандарда орналасқан. Биыл тегін тұрақтардың жүктемесі артты, осы мәселе қала билігімен талқыланған соң аталған бөліктерді ақылы ету жөнінде шешім қабылданды.
Олжас Оқас
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу