Ертең Астанада Batyrs Battle турнирі өтеді

531

15 желтоқсан күні сағат 19:00-де Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Batyrs' Battle турнирі өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.  

Ертең Астанада Batyrs Battle турнирі өтеді Фото: gov.kz

Batyrs Battle – бұл салауатты өмір салтын насихаттайтын көпсайысты турнир. Ерекше жобаның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және ұлттық спорт түрлерін қолдау, Президент жолдауында айтылған ұлттық мәдениет, тарих мен дәстүрлерді жаңғырту үдерісіне жасөспірімдер мен жастарды тарту .

"Біздің турнирде жас шектеулері жоқ. Сол себептен балалар үшін біз Batyrs Battle – Kids жеке жобасын жасадық. Аталмыш жарыс балалар мен жастарды қазақ елінің тарихымен таныстырады, ал аға буынға өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Мұнда әркім өзінің күші мен қабілетін көрсете алады. Турнирдің мақсаты жеңу немесе жеңілу емес. Ол – аренаның тар кеңістігінде, мыңдаған адамдардың алдында өз күшін көрсету. Бағыңызбен күшіңізді сынағыңыз келсе, бізге өтінім жіберіңіз, қатысыңыз", - дейді жобаның негізін қалаушы Сергей Цырульников.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыс 5 раундтан тұрады. Әр раундтан кейін төрешілер алқасы әр қатысушыға белгілі бір ұпай санын береді.

Қатысушылар төмендегідей бөлімдер бойынша күш сынасады:

  • Биіктікке қап көтеру (60, 70, 80 және 90 кг);
  • Бөрене көтеру
  • Тас көтеру
  • Металдан жасалған шыбық майыстыру
  • Белбеу күресі – белдесу

Айта кетейік, мерекелік шара – спортшылардың рейтингтік немесе өзге де біліктіліктерін көздемейтін көрсетілімдік турнир.  Сонымен қатар турнирдің қорытындысы бойынша  жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен марапатталады.

Мерекелік шараға кіру тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу