Ертең Астанада ботаникалық бақ аумағында отшашу болады

256

Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Ертең Астанада ботаникалық бақ аумағында отшашу болады Фото: Ашық дерек көздерінен

Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, яғни 3 шілдеде ботаникалық бақта салют іске қосылады. Отшашу шашылатын болжамды уақыт — 22:00-ден 22:30-ға дейін. Бұл жайында қала әкімдігінен хабарланды, деп жазды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады.

Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінен тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді.

Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарланып отыр. 

Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты — сағат 22:15 (22:30).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу