Ертең Астанада Универсиада басталады

1030

Қатысушылар спорттың 18 түрінен сынға түседі.

Ертең Астанада Универсиада басталады

Ертең Назарбаев Университетінде ЖОО студенттері арасында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Универсиада басталады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық Универсиада жарыстарының қатысушылары спорттың 18 түрінен: волейбол (ерлер), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, асық ату, волейбол (Қыздар), шорт-трек, шағын футбол (Қыздар), гір тасын көтеру, қазақ күресі, қол күресі, шағын-футбол (Ұлдар), жазғы Президенттік көпсайыс, жеңіл жүгіріс эстафетасы, стритбол (Ұлдар), стритбол (Қыздар) және үстел теннисінен сынға түседі.

Жарысқа Астананың жоғары оқу орындарының спорттық дайындығы бар және медициналық тексерістен өткен, дене тәрбиесі құрама командаларының ұжымдары (студенттер және магистранттар) жіберіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу