Ертең ауа-райы жауын шашынды болады

1781

Ертең ауа-райы жауын шашынды болады

Елордада ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМҚ-ға сілтеме жасап.

Ертең, 1 қараша күні көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз жауын-шашын болады. Түнде солтүстік-батыстан 9-14, таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -6-8 °C, күндіз -1…-3 °C болады.

2 қарашада ауа райы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2…-4 °C, күндіз 0 °C болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу