Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығы мен жылу құбырларындағы апаттық жағдайларға байланысты кейбір әлеуметтік нысандардың жұмысы өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Кеншілер шаһарындағы қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталықтың 36 тәрбиеленушісі облыс орталығындағы №7 мектеп-интернатқа ауыстырылды.
"Жас өркен" жасөспірімдер үйінің 11 тәрбиеленушісі де әзірше павлодарлық мектепте болады.
Ал облыстық көпсалалы лицейдің 29 оқушысы уақытша "Білім инновация" лицейінде оқитын болады.
Сондай-ақ ертең Екібастұз қаласындағы мектептер қашықтан оқу режиміне көшіріледі. Балабақшалар жұмыс істемейді.
Жалпы шаһарда 25 мектеп пен 21 341 оқушы бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу