"Қазгидромет" 2026 жылғы 27 шілдеге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні еліміздің батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ал елдің шығысында нөсер жаңбыр күтіледі.
Ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі болжануда. Батыста, оңтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Ал елдің солтүстігі мен шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.