17 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
17 шілде түнде Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыста және Атырау қаласында күндіз 34-39 градус ыстық, оңтүстікте 42 градус және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
17 шілде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркірейді, желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде жел екпіні – 18 м/с.
17 шілде Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус аптап ыстық сақталады.
17-18 шілде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық болады.
Шымкент қаласында да күндіз – 40 градус қатты ыстық.
17-19 шілде Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан және шығыстан күшті жел соғады, күндіз жел екпіні – 15-20 м/с.
17 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус аптап ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді және жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 36-38 градус ыстық болады.
17-20 шілде күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде 40°С-қа дейін аптап күтіледі.